Ескі қабырға сағаттарының көбінде маятник болады.
Сызбада ұзындығы L метр болатын маятник көрсетілген: жіп P нүктесіне бекітілген, ал оның ұшында жүк ілулі.
Жүкті A нүктесінен босатқанда, ол B нүктесіне дейін барып, қайтадан A нүктесіне оралады. Осы толық тербеліске кететін уақыт тербеліс периоды деп аталады.
Айбек кітаптан период (секундпен) пен маятник ұзындығының (метрмен) арасындағы байланысты жуық сипаттайтын мына формуланы тапты:
тербеліс периоды = 2 · √(ұзындық)