Оқу сауаттылығы
Мәтінді түсіну, ақпаратты табу, мәтіннің мазмұны мен пішінін бағалау: хабарландыру, кесте, көркем мәтін.
Programme for International Student Assessment · ЭЫДҰ (OECD)
Анықтамасы. PISA — 15 жастағы білім алушылардың алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын бағалайтын халықаралық зерттеу. Оқушы мәтінмен, кестемен, графикпен жұмыс істеп, күнделікті өмірден алынған мәселені шешеді.
Мақсаты. міндетті білім берудің соңына қарай оқушылардың қазіргі қоғамға толыққанды араласуға қаншалықты дайын екенін анықтау және елдердің білім беру саясатын жетілдіруге дерек беру.
Кім қатысады: 15 жастағы білім алушылар · Жиілігі: 2000 жылдан бастап әр 3 жыл сайын (2025 циклынан кейін — әр 4 жыл). Қазақстан 2009 жылдан бастап қатысады.
Мәтінді түсіну, ақпаратты табу, мәтіннің мазмұны мен пішінін бағалау: хабарландыру, кесте, көркем мәтін.
Өмірлік жағдаяттағы есептер: формула, график, кесте, геометриялық пішіндер, пайыз бен ықтималдық.
Құбылысты ғылыми түсіндіру, зерттеуді жоспарлау мен бағалау, деректер мен дәлелдерді түсіндіру.
Жаттығу режимінде әр жауап бірден тексеріледі. Сынақ режимі уақытпен өтеді, нәтиже соңында шығады. Ашық жауапты сұрақтарды мұғалім тағайындаған тестте мұғалім бағалайды.