№3 зертханалық жұмыс · Тығыздықты анықтау
Сіз тіркелдіңіз
Теория
Оқу мақсаттары
7.2.2.14сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау7.1.3.3физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтауТығыздық дегеніміз не?
Тығыздық – заттың көлем бірлігіндегі массасы. Оны дененің массасын көлеміне бөліп табады:
Бірліктері: кг/м³ (СИ) және г/см³. 1 г/см³ = 1000 кг/м³, 1 мл = 1 см³, 1 г = 0,001 кг.
1-тапсырма. Массаны иінді таразымен өлшеу
- Таразыны өлшеуге дайындаңыз: табақшалар бос кезде тілше нөлде тұруы керек. Нөлде болмаса, реттегіш гайканы бұраңыз.
- Денені сол жақ, гірлерді оң жақ табақшаға пинцетпен қойыңыз. Гірлерді үлкенінен бастап қойыңыз.
- Тілше оңға ауытқыса, сол жақ табақша ауыр: гір қосыңыз. Солға ауытқыса, гірді азайтыңыз.
- Тараза теңгерілгенде дененің массасы табақшадағы гірлердің жалпы массасына тең.
2-тапсырма. Қатты дененің көлемі
Параллелепипед пішінді дененің ұзындығын a, енін b және биіктігін c сызғышпен өлшеп, көлемін табады:
Пішіні күрделі дененің көлемін мензуркамен табады: судың бастапқы көлемін V₁ оқып, денені жіпке байлап суға батырады және жаңа деңгейді V₂ оқиды:
3-тапсырма. Сұйықтың тығыздығы
Бос мензурканың массасын m₁ өлшейді, оған сұйық құйып, көлемін V оқиды, сосын сұйық құйылған мензурканың массасын m₂ өлшейді:
Мензурканың бөлік құны = екі жақын санды белгінің айырмасы ÷ олардың арасындағы бөлік саны. Сұйық деңгейін менискустың төменгі шетімен оқиды.
Кейбір заттардың тығыздығы
Бұл кесте «Салыстыру» кезеңінде қажет болады: өз нәтижеңізді кестемен салыстырып, дененің қандай заттан жасалғанын анықтайсыз.
Қауіпсіздік ережелері
Зертханаға кіру үшін ережелерді оқып, тесттің 5 сұрағының кемінде 4-еуіне дұрыс жауап беріңіз.
- Гірлерді тек пинцетпен алып, табақшаға абайлап қоямыз. Қолмен ұстасақ, гір кірлеп, массасы өзгереді.
- Таразыға оның ең үлкен жүктемесінен (200 г) ауыр дене қоймаймыз.
- Денені сол жақ, гірлерді оң жақ табақшаға қоямыз.
- Сұйықты мензуркаға үстел үстінде құямыз, таразы табақшасының үстінде құймаймыз.
- Қатты денені шыны мензуркаға жіпке байлап, ақырын түсіреміз. Лақтырсақ, шыны сынуы мүмкін.
- Керосин тез тұтанады: оның жанында от жақпаймыз, иіскемейміз, дәмін татпаймыз.
- Жұмыс соңында құралдарды орнына жинап, қолды сабынмен жуамыз.
Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу
Құрал-жабдықтар: иінді тараза, ұсақ гірлер, параллелепипед тәрізді білеуше және массасы әртүрлі кішігірім денелер.
Денелер (сол жақ табақшаға)
Гірлер жәшігі (оң жақ табақшаға)
Оң жақ табақшада
Өлшеу нәтижелері
| Тәжірибе реті | Өлшенетін дене | Дененің массасы, г | Дененің массасы, кг |
|---|
Кесте толтырылды. Келесі: 2-тапсырма.
Қауіпсіздік журналы
Қатты денелердің тығыздығын анықтау
Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, иінді тараза, ұсақ гірлер, мензурка, сызғыш, жіп. Денелердің массасы 1-тапсырмадан алынады.
Параллелепипедтің көлемі · V = a·b·c
| Дене | Ұзындығы a, см | Ені b, см | Биіктігі c, см | Көлемі V, см³ |
|---|
Өлшемдерді сантиметрмен, миллиметрге дейінгі дәлдікпен жазыңыз (мысалы, 4,7 см).
3-дене (пішіні күрделі)
Пішіні күрделі дененің көлемі · V = V₂ − V₁
Өлшеу және есептеу нәтижелері · ρ = m / V
| Тәжірибе реті | Тығыздығы анықталатын дене | Дененің массасы, г | Дененің көлемі, см³ | Тығыздық ρ = m/V | |
|---|---|---|---|---|---|
| г/см³ | кг/м³ | ||||
Қауіпсіздік журналы
Сұйықтардың тығыздығын анықтау
Құрал-жабдықтар: иінді тараза, ұсақ гірлер, бөліктері көрсетілген мензурка, зерттелетін сұйықтар (тұздың судағы ерітіндісі, глицерин, керосин).
Гірлер жәшігі (оң жақ табақшаға)
Оң жақ табақшада
Мензурка
Сұйықты таңдау
Сол жақ табақшада 1-тапсырмадағы дене тұр.
Қауіпсіздік журналы
Өлшеу және есептеу нәтижелері
| Тәжірибе реті | Тығыздығы анықталатын сұйық | Сұйық құйылған мензурканың массасы m₂, г | Сұйықтың массасы m = m₂ − m₁, г | Сұйықтың көлемі, см³ | Тығыздық ρ = m/V | |
|---|---|---|---|---|---|---|
| г/см³ | кг/м³ | |||||
Кестемен салыстыру
Өз нәтижеңізді тығыздықтар кестесімен салыстырып, дененің қандай заттан жасалғанын анықтаңыз және салыстырмалы қателікті табыңыз.
| Дене / сұйық | Сіздің ρ, г/см³ | Қай зат? | ρ кесте, г/см³ | ε, % |
|---|
Кейбір заттардың тығыздығы
Тапсыру
Есептеулер сіздің өз өлшеулеріңіз бойынша тексеріледі: өлшеуде қате кетсе де, кейінгі есептеулер дұрыс орындалса, олардың балы сақталады.
Жұмысты тапсырасыз ба? Тапсырғаннан кейін кестедегі мәндерді өзгерту мүмкін болмайды.
Бағалау критерийлері · 10 балл
| № | Дескриптор | Мақсат | Балл |
|---|