№5 зертханалық жұмыс · 8-сынып
Сіз тіркелдіңіз
2-кезең · теория
Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Оқу мақсаттары
8.4.2.9өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу8.1.3.3физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтауЖұмыстың мақсаты: тізбектей жалғау заңдарының орындалатынын тексеру.
Құрал-жабдықтар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екі амперметр (A₁, A₂), үш вольтметр (V₁, V₂, V), үш резистор (a, b, c).
Жұмыс барысы
- Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықтаңыз.
- Кілт ажыратулы кезде 7-суреттегі сұлба бойынша тізбек жинаңыз. Алғашқы тәжірибеде R₁ = a, R₂ = b резисторлары алынады.
- Тізбекті тұйықтап, A₁, A₂ амперметрлерінің (I₁, I₂) және V₁, V₂, V вольтметрлерінің (U₁, U₂, U) көрсеткіштерін кестеге жазыңыз.
- Тәжірибені a мен c, сосын b мен c резисторларымен қайталаңыз.
- Ом заңы бойынша R₁, R₂ және жалпы кедергі R-ді есептеңіз.
- U мен U₁ + U₂-ні, R мен R₁ + R₂-ні, U₁/U₂ мен R₁/R₂-ні салыстырыңыз.
- Есептеулер нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыз.
7-сурет · вольтметр мен амперметрлерді тізбекке қосу сұлбасы
Ом заңы бойынша кедергілер
Әр резистордың кедергісі сол резистордағы кернеу мен ол арқылы өтетін ток күшінің қатынасына тең.
Салыстырмалы айырма
Аспаптар бөлік құнының дәлдігімен оқылады, сондықтан R мен R₁ + R₂ дәл тең шықпауы мүмкін. ε бірнеше пайыздан аспаса, заң өлшеу дәлдігі шегінде орындалады.
3-кезең · қауіпсіздік
Қауіпсіздік ережелері
Зертханаға кіру үшін ережелерді оқып, тесттің 5 сұрағының кемінде 4-еуіне дұрыс жауап беріңіз.
- Тізбекті тек кілт ажыратулы кезде жинаймыз және өзгертеміз.
- Амперметрді тек тізбектей, вольтметрді тек параллель жалғаймыз.
- Аспаптардың «+» қысқышын ток көзінің «+» жағына қарай жалғаймыз.
- Тізбекті тұйықтамас бұрын оны сұлбамен салыстырып тексереміз.
- Аспаптың тілі шкаладан асып кетсе немесе сым қызса, дереу кілтті ажыратамыз.
- Ток өтіп тұрған резисторды қолмен ұстамаймыз: ол қызуы мүмкін.
- Жұмыс соңында кілтті ажыратып, алдымен ток көзінен шыққан сымдарды ажыратамыз.
4-кезең · тәжірибе
Үш жұп резистормен өлшеу
7-суреттегі тізбекті жинап, бес аспаптың көрсеткішін жазыңыз. Тәжірибені a + b, a + c, b + c резисторлар жұптарымен қайталаңыз.
Құралды сүйреп жылжытыңыз · қысқыштан (күміс бұранда) басқа қысқышқа сүйреп сым жалғаңыз · сымды басып, × белгісімен алыңыз · кілтті басып тұйықтаңыз · аспапты басса, оның шкаласы «Шкала жақыннан» терезесінде үлкейіп көрінеді
Шкала жақыннан
Басқару
Сымдар (0) · тізімнен жалғау
Қауіпсіздік журналы
Өлшенді
| Тәжірибе | U₁, В | U₂, В | U, В | I₁, А | I₂, А |
|---|
Әр тәжірибеде R₁ – жұптың бірінші резисторы, R₂ – екінші резисторы. U₁ – V₁ көрсеткіші (R₁-дегі кернеу), U₂ – V₂ көрсеткіші (R₂-дегі кернеу), U – V көрсеткіші.
Үш тәжірибе де жасалды. Келесі кезең: есептеу.
5-кезең · есептеу
Кедергілерді есептеу және заңдылықтарды тексеру
(1) формула бойынша кедергілерді есептеңіз. Сосын кернеулер мен кедергілердің қосындысын, қатынасын салыстырыңыз.
Есептелді
| Тәжірибе | Өлшенді | Есептелді | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| U₁, В | U₂, В | U, В | I₁, А | I₂, А | R₁, Ом | R₂, Ом | R, Ом | |
Кедергіні 0,1 Ом дәлдікпен жазыңыз. R = U / I үшін I₁ немесе I₂ алуға болады.
Заңдылықтарды тексеру
| Тәжірибе | U, В | U₁ + U₂, В | R, Ом | R₁ + R₂, Ом | ε, % | U₁ / U₂ | R₁ / R₂ |
|---|
Қатынастарды 0,01 дәлдікпен, ε-ды 0,1 % дәлдікпен жазыңыз.
6-кезең · қорытынды
Қорытынды
Өз өлшеулеріңізге сүйеніп, тізбектей жалғаудың заңдылықтарын тұжырымдаңыз.
Сіздің қорытындыңыз
7-кезең · тапсыру
Тапсыру
Есептеулер сіздің өз өлшеулеріңіз бойынша тексеріледі: өлшеуде қате кетсе де, кейінгі есептеулер дұрыс орындалса, олардың балы сақталады.
Жұмысты тапсырасыз ба? Тапсырғаннан кейін мәндерді өзгерту мүмкін болмайды.
Бағалау критерийлері · 10 балл
| № | Дескриптор | Мақсат | Балл |
|---|