Математикалық маятник зертханасы

Физика · 9-сынып · №3 зертханалық жұмыс

Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау

Қосылуда…

№3 зертханалық жұмыс · 10 балл

Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау

Виртуалды зертханада маятниктің ұзындығы мен тербеліс уақытын өлшеп, Жердегі еркін түсу үдеуін анықтайсыз, оны нақты мәнмен (g = 9,8 м/с²) салыстырасыз және T²(l) графигін тұрғызасыз.

  1. Тіркелу. Аты-жөні мен сынып, сізге жеке нұсқа беріледі
  2. Теория. Формулалар және жұмыс барысы
  3. Зертхана. 5 түрлі ұзындықпен 40 тербелістің уақытын өлшеу
  4. Есептеу. T, g және gорт мәндерін табу
  5. Қателік. Δg пен εg қателіктерін табу
  6. График. T²(l) графигін тұрғызып, көлбеулігінен g-ны анықтау
  7. Қорытынды. Нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау
  8. Тапсыру. Балл мен нәтижені алу

Тіркелу

Аты-жөніңізді толық жазып, сыныбыңызды таңдаңыз. Тіркелгенде жеке нұсқа беріледі: шардың өлшемі мен жіптің бастапқы ұзындығы әр оқушыда әртүрлі.