№8 зертханалық жұмыс · 8-сынып
Сіз тіркелдіңіз
2-кезең · теория
Тұрақты магниттің қасиеттері және магнит өрісі
Оқу мақсаты
8.4.3.1магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеуЖұмыстың мақсаты: магниттердің әртүрлі заттармен өзара әрекеттесуін зерттеу; магнит полюстерінің бар екеніне көз жеткізу, аттас және әр аттас полюстердің өзара әрекеттесуін тексеру; жолақ және таға тәрізді магниттер мен екі жолақ магнит тудырған өрістің күш сызықтарын зерттеп, оларды графикалық түрде бейнелеу.
Құрал-жабдықтар: екі жолақ магнит, таға тәрізді магнит, ақ қағаз беттері, ұсақ темір шегелер, қағаз қыстырғыштар, тіреудегі магнит тілшесі, темір үгінділері бар елеуіш қорап, әртүрлі заттардан жасалған ұсақ заттар (пластмасса, шыны, ағаш, мыс, алюминий, жез).
Жұмыс барысы
- 1-тапсырма – бес бекет: заттардың магнитке тартылуы; үгінділер арқылы полюстерді табу; полюстердің өзара әрекеттесуі және магнит тілшесі; шегелер «тізбегі»; болат шегені магниттеу.
- 2-тапсырма – төрт парақ: жолақ магнит, екі магниттің әр аттас (N – S) және аттас (N – N) полюстері, таға тәрізді магнит. Әр парақта магнитті қағазбен жауып, үгінді себесіз, қағазды ақырын қағасыз және күш сызықтарын сызасыз.
- Бақылау нәтижелері мен сызбаларға сүйеніп, қорытынды жасайсыз.
Магнит тілшесі
Тілшенің N ұшы күш сызығының бағытын көрсетеді. Магниттің N полюсіне тілшенің S ұшы тартылады. Белгісіз магниттің полюстерін осылай анықтайды.
Неге үгінділер?
Магнит өрісінде әр үгінді кішкене магнит тілшесіне айналады да, күш сызығының бойымен бұрылады. Қағазды ақырын қаққанда үйкеліс азаяды, үгінділер тізбектеліп, өрістің «суретін» береді.
3-кезең · қауіпсіздік
Қауіпсіздік ережелері
Ережелерді оқып, тесттің 5 сұрағының кемінде 4-еуіне дұрыс жауап беріңіз. Бағалауда бірінші әрекеттің нәтижесі ескеріледі.
- Күш сызықтарын алғанда магнитті қағазбен жабамыз, үгінділерді магниттің өзіне себпейміз: магнитке жабысқан үгінділерді тазалау қиын.
- Үгінділерді ауызға, көзге жақындатпаймыз, үрлемейміз; көзді уқаламаймыз; жұмыс соңында қолды сабынмен жуамыз.
- Магниттерді құлатпаймыз, бір-біріне соқпаймыз: соққыдан магнит әлсірейді немесе сынады.
- Магнитті телефонға, банк картасына, компьютерге жақындатпаймыз.
- Күшті магниттерді бір-біріне абайлап жақындатамыз: саусақ қысылып қалуы мүмкін.
- Шегелерді үстелге шашпаймыз, өткір ұшымен абай боламыз.
- Жұмыс соңында үгінділерді қағазбен бүктеп, қорапқа қайта төгеміз.
4-кезең · 1-тапсырма
Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу
Бес бекетте тәжірибе жасаңыз. Әр бекеттегі бақылауыңызды «Бақылау дәптеріне» жазыңыз.
5-кезең · 2-тапсырма
Магнит өрісінің бейнесін алу
Әр парақта магнитті қағазбен жауып, үгінді себіңіз, қағазды ақырын қағыңыз. Сосын үгінділердің тізбектері бойымен кемінде 4 күш сызығын сызып, бағытын көрсетіңіз.
Қағаз жабылмай тұрғанда: магнитті сүйреп жылжытыңыз, басып таңдаңыз · Қағаз жабылғанда: «Қалам» – сызық сызу (сызу бағыты = өріс бағыты), «Өшіргіш» – сызықты басып өшіру, «Бағыт» – сызықты басып, бағытын ауыстыру
Әрекеттер
11-сурет. Жолақ магниттердің орналасуы
Жоғарғы қатар – әр аттас полюстер, төменгі қатар – аттас полюстер бір-біріне қаратылған.
6-кезең · қорытынды
Қорытынды
Тәжірибелер мен алынған кескіндерге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіздің қорытындыңыз
7-кезең · тапсыру
Тапсыру
Күш сызықтары автоматты түрде тексеріледі: сызықтың өріс бойымен жүргені, бағыты (N → S), басы мен соңы және сызықтардың қиылыспауы.
Жұмысты тапсырасыз ба? Тапсырғаннан кейін жауаптарды өзгерту мүмкін болмайды.
Бағалау критерийлері · 10 балл
| № | Дескриптор | Оқулық | Балл |
|---|