№6 зертханалық жұмыс · 7-сынып
Сіз тіркелдіңіз
2-кезең · теория
Архимед заңы
Оқу мақсаттары
7.3.1.11кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу7.1.3.3физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтауСұйыққа батырылған денеге жоғары қарай кері итеруші (ығыстырушы) күш әсер етеді. Сондықтан динамометрге ілінген дене суға батырылғанда динамометрдің көрсетуі азаяды: дененің судағы салмағы P₂ оның ауадағы салмағы P₁-ден кіші.
Архимед заңы: сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш дененің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең:
Мұнда ρс – сұйықтың тығыздығы, g = 9,8 Н/кг, Vд – дененің сұйыққа батырылған бөлігінің көлемі (м³). Көлемді мензуркамен өлшейміз: Vд = V₂ − V₁. Есте болсын: 1 мл = 1 см³ = 10⁻⁶ м³.
Дененің ауадағы және судағы салмағы
Сурет 4.48. Табақшасыз таразы
Кейбір заттардың тығыздығы, кг/м³
2- және 3-тапсырмада алдымен болжам жасап, содан кейін тәжірибеде тексересіз.
3-кезең · қауіпсіздік · 7.1.3.3
Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибеге кіру үшін тесттің 5 сұрағының кемінде 4-еуіне дұрыс жауап беріңіз. Бағаға бірінші әрекеттің нәтижесі және тәжірибе кезінде ережелерді сақтағаныңыз есептеледі.
- Шыны мензурка мен ыдыстарды үстелдің шетіне қоймаймыз, абайлап ұстаймыз.
- Денені шыны ыдысқа лақтырмаймыз: жіптен ұстап, абайлап батырамыз.
- Динамометрге оның өлшеу шегінен (2 Н) ауыр жүк ілмейміз: алдымен жүктің массасын қарап, салмағын бағалаймыз.
- Су төгілсе, оны бірден шүберекпен сүртеміз: тайғақ еден мен су тиген құралдар қауіпті.
- Сұйықтарды (спирт, керосин, тұзды су) иіскемейміз, дәмін татпаймыз; спирт пен керосинді отқа жақындатпаймыз.
- Шыны ыдыс сынса, сынықтарды қолмен жинамаймыз, мұғалімге хабарлаймыз.
4-кезең · тәжірибе
Тәжірибе
Қадамдар
5-кезең · есептеу
Кері итеруші күш пен ығыстырылған судың салмағы
V-ны м³-пен (мысалы, 0,000025 немесе 2,5·10⁻⁵), күштерді 0,01 Н дәлдікпен, ε-ды 1 % дәлдікпен жазыңыз. P₁ мен P₂ дәптерден алынады.
1-тапсырманың нәтижелері
| № | Дене | Vд, м³ | P₀, Н | P₁, Н | P₂, Н | Fы, Н | ε, % |
|---|
6-кезең · қорытынды
Қорытынды
Сіздің қорытындыңыз
7-кезең · тапсыру
Тапсыру және есепті жүктеу
Өлшеулер құралдардың көрсеткіштерімен, ал есептеулер сіздің өз сандарыңызбен тексеріледі. Тапсырғаннан кейін толық есепті Word файлы ретінде жүктеп аласыз.
Жұмысты тапсырасыз ба? Тапсырғаннан кейін жауаптарды өзгерту мүмкін болмайды.
Бағалау критерийлері · 10 балл
| № | Дескриптор | Мақсат | Балл |
|---|